kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
с.Жанаозен, МИРЖАКЫП ДУЛАТУЛЫ, 2
87234742757
ardak2301@mail.ru

Гуманитарлық бірлестік апталығы

К. Шакенов атындағы орта мектебінде 25-қараша мен 6-желтоқсан аралығында гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі басталды. Жаңартылған білім мазмұнына сай білім беріп жатқан ұстаздар әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Тарих пәнінен Солтыбаева Н.А., орыс тілімен әдебиет пәні мұғалімі Болт Н.В., ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейсенбина А.С. өз сабақтарына АКТ -ны ұтымды пайдаланып, балалардың білімін көрсете білді. Әлі де онкүндік аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өз жалғасын табады.

Ұстаздар арасында өткізілген баскетбол сайысы

Білім грант иегерлері 2023 жыл

Бір қадам алға

«Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өткен, «Бір қадам алға – 2023» атты ІV аймақтық ғылыми жобаларға қатысып «Психология және қоғамдық жобалар» секциясы бойынша «Ең креативті жоба» номинациясымен 7 сынып оқушысы Рифатқызы Баян марапатталды. Жетекшісі: мектеп психологы Канашева Алия Мауткановна. Құттықтаймыз!

XXIII Спартакиада жетістіктері

«Бұрымды қыз» байқауы

 

«Үздік жыл психологы-2022»

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен білім беру психологтарының арасында «Үздік жыл психологы-2022» облыстық конкурсы өтті.

Конкурстың басты мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру). Конкурстың басты міндеттері: қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру, шығармашылық жаңалықтармен, идеялармен, тәжірибемен алмасуын ұйымдастыру.

Конкурсқа 3 жылға дейін; 3-7 жылға дейін; 7 жылдан астам еңбек өтілі бар 18 мектеп педагог-психологтары қатысты.

Нәтижесінде мектебіміздің педагог-психологы Канашева Алия Мауткановна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

«Жыл таңдауы-2022»

Жарма ауданы көлемінде  қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жастарды марапаттайтын «Жыл таңдауы-2022»

ІІІ аудандық жастар форуымы өткізілді.  Аудан әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы барлық белсенді жастарды құттықтап,  сыйлықтар табыс етті.  Форумда мектебіміздің география пәні мұғалімі Сулейменова Самал Мухтаровна  «Жылдың жас ұстазы» номинациясымен марапатталды.  Құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен білім беру психологтарының арасында «Үздік жыл психологы-2022» облыстық конкурсы өтті.

Конкурстың басты мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру). Конкурстың басты міндеттері: қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру, шығармашылық жаңалықтармен, идеялармен, тәжірибемен алмасуын ұйымдастыру.

Конкурсқа 3 жылға дейін; 3-7 жылға дейін; 7 жылдан астам еңбек өтілі бар 18 мектеп педагог-психологтары қатысты.

Нәтижесінде мектебіміздің педагог-психологы Канашева Алия Мауткановна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

 

Сыңғырла соңғы қоңырау

Бүгін мектебімізде тағы бір соңғы қоңырау соғылған күн!

25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиын қонақтары: Жарма ауданының білім бөлімінің әдіскері Садирова Назира Касымхановна мен Ақжал ауылдық округінің әкімі Жумаканов Мерхат Сайлаубаевич қатысты.

Биыл мектеп түлектері саны – 15. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткер оқушыларымыз Жумаканова Дильназ бен Мәмет Балжан.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша олимпиадалар мен байқаулар, шығармашылықпен қатар жыл бойғы нәтижелерді қорытындылай келе, «Үздік» деп танылған пән мұғалімдеріне марапаттар,

«Үздік сынып жетекші – 2022» номинациялары және алғыс хаттар табыс етілді. Әр пәннен қабілетті деп танылған оқушыларға алғыс хаттар және пән мұғалімдері атынан сыйлықтары берілді.  Биылғы түлектер –  мектебімізде жұмыс жасап жатқан  спорт мектебінің алғашқы түлектері. Олар спорт мектебінің марапатын алды.

Оқу ісінің меңгерушісі Құдайберген Тортайұлы оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстыра отырып,

«Оқу үздігі – 2022» оқушыларын марапаттады. Мектеп түлектері он бір жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына өз жылы лебіздерін арнап, әндерін шырқады.

Послание Президента
Государственные символы