9 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында «Мен жаңашыл ұстазбын» атты гуманитарлық пәндер онкүндігі жоспарланды. Апталық барысында бірлестік ұстаздары заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісіп, ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар өтуде. Қазақ әдебиеті сабағын 6-сыныпта Бажаева Толкын Мейрамхановна өткізді. Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Author: denis
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.
Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.
Емтихандар жайлы қысқаша:
- Ана тілі мен әдебиеті – 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
- Алгебра және талдау бастамалары – 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
- Қазақстан тарихы – Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
- Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі(қазақ мектептерінде) – 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:
- Лексика-грамматикалық –20 тест тапсырмасы;
- Тыңдалым –10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
- Оқылым –10 тест тапсырмасы (2 мәтін).
Таңдау бойынша 1 пәннен – Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).
Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
«Мен жаңашыл ұстазбын» онкүндігі барысында қазақ тілі пәнінен 7 а сыныбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Мадыбаева Акыл Отанбековна. Тақырыбы: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
«Жаса, жайна, туған жерім!» атты тақырыпта 5-8 сыныптар арасында поэзия кеші өтті.
Гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында «Жаса, жайна, туған жерім!» атты тақырыпта 5-8 сыныптар арасында поэзия кеші өтті.
Мақсаты: қазақтың поэзиясымен тілдесу. Туған жер, «Балалық шақ», «Атамекен», «Білім және ғылым» туралы өлең-жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері.
«Types of films»
«Мен жаңашыл ұстазбын» онкүндігі барысында ағылшын тілі пәнінен 5 а сыныбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Нысангалиева Диана Адалбековна. Тақырыбы: «Types of films»
«Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы социалистік индустрияландыру»
«Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы социалистік индустрияландыру» тақырыбында Мұратова Назгүл Серғазықызы 8 ә сыныбында сабақ өткізіп, жаңа әдістермен бөлісті.
Мектебімізде 2-7 сынып оқушылары арасында » Зерде» Ғылыми жобалар байқауы өткізілді.
Бүгін мектебімізде 2-7 сынып оқушылары арасында » Зерде» Ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Мақсаты:
— Оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
— Педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
Жобаны дайындап, ізденісте болған барлық оқушылар марапатқа ие болды.
Сынып жетекшілер рейтингісі
Мұғалімдер
Мектептен тыс іс шаралар гуманитарлық пәндер бойынша