Спорт-денсаулық кепілі. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Соған орай жыл сайынғы өтетін аудандық мұғалімдер арасындағы баскетбол жарысында К.Шакенов атындағы орта мектебінің ерлер командасы 1-орын иеленді. 💪
Author: denis
IQanat
Алтын белгі және Үздік аттестат иегері
Нұрмұхамбетова Мейрамгүл
2005 жылғы мектеп түлегі.
«Алтын белгі иегері»
«Болашақ»бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алды.
Мұқашева Назерке
2005 жылғы мектеп түлегі
«Үздік аттестат иегері»
Семей медицина Академиясының түлегі
Нұртайлақов Данияр
«Алтын белгі» иегері
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алды.
Нұрділдабекова Толғанай
2011 жылғы мектеп түлегі
«Алтын белгі» иегері
Семей медициналық Академиясының түлегі
Аубакирова Еңлік
2011 жылғы мектеп түлегі
«Үздік аттестат» иегері
Жолдаспекова Гүлназ
2014 жылғы мектеп түлегі
«Үздік аттестат» иегері
География пәнінен Республикалық олимпиада жүлдегері
ШҚО әкімінің грантының иегері
Зерде аудандық кезеңі
Біздің оқушыларымыз аудандық «Зерде» ғылыми-зерттеу жобалар сайысына қатысып жүлделі орындарға ие болды. 7 сынып оқушысы Сәрсенбек Сая мен Төлеутай Айсана облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!
Әйелдер арасында өткен баскетболдан жарыс
Мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау
«Аз қамтылған отбасындағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау…
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.
Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.
Емтихандар жайлы қысқаша:
- Ана тілі мен әдебиеті – 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
- Алгебра және талдау бастамалары – 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
- Қазақстан тарихы – Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
- Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі(қазақ мектептерінде) – 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:
- Лексика-грамматикалық –20 тест тапсырмасы;
- Тыңдалым –10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
- Оқылым –10 тест тапсырмасы (2 мәтін).
Таңдау бойынша 1 пәннен – Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).
Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
– Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (25 тармақша, 5 бет).
– «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығы.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ. КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР. Енгізу күні 2007.09.01.
– ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (ҚР БжҒМ 2011 ж. 14 қаңтар №14 Бұйрығымен бекітілген).
– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011
– 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (7 желтоқсан 2010 ж., №1118).
– 5.04.019 – 2011 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ «ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ. БАКАЛАВРИАТ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР», 5.04.033 – 2011 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ «ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ. МАГИСТРАТУРА. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР», 5.04.034 – 2011 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ «ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ. ДОКТОРАНТУРА. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР» (ҚР БжҒМ №261, 2011 жыл 17 маусымдағы бұйрығы).
– ОҚУ ПРОЦЕСІН ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ (2011 ж., 20 сәуірде ҚР БжҒМ № 152 Бұйрығымен бекітілген).
– «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚР БжҒМ 2008 жыл 18 наурыздағы № 125 БҰЙРЫҒЫ.
– ҚР БжҒМ 2003 жылғы 18 шілде «ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНА ҚОРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ» № 508 БҰЙРЫҒЫ.
– «БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚАУЛЫСЫ.
– ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 ҚАУЛЫСЫ. ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИПТІК ЕРЕЖЕЛЕРІ.
– ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН МОДУЛЬДІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОҚУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУ (2013 жылы 3 мамырда №10 хаттамада Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗЭУ жанындағы ОӘС РОӘК шешімімен құрастырылған және бекітілген).
– МОДУЛЬДІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (20.02.2014 жыл. №12 хаттама, «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОӘС жиналысында құрастырылған және бекітілген).
– КАФЕДРАЛАРДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ (20.03.2014 жыл. №14 хаттама, «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОӘС жиналысында құрастырылған және бекітілген).
– ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БЮРОСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
(«ТҰРАН» Университетінің ОӘС жиналысында құрастырылған және бекітілген, 20.03.2014 жыл, № 14 хаттама).
– ТУ ТУРАЛЫ РӘСІМ 703 – 11 «ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС». БІРІНШІ БАСЫЛЫМ. 29.06.2011 ж. «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СМЖ БӨЛІМІ.
– университеттің қызметін оқу-әдістемелік жұмыс бойынша реттейтін «ТҰРАН» университетінің басқа да ішкі нормативтік құжаттары.
Админстрация школы
Унуспаева Дина Бигазыевна
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 29 жыл
санаты: жоғары
Лауазымы: Оқу ісінің меңгерушісі
Ашимханов Кудайберген Тортаевич
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 18 жыл
Санаты: бірінші категория
Лауазымы: Оқу ісінің меңгерушісі
Бейсенбин Бекзат Габдылахатович
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 10 жыл
Санаты: екінші
Лауазымы: Тәрбие ісінің меңгерушісі
Мектеп тарихы
1934 жылы Чапаев атындағы жеті жылдық мектеп болып негізі қаланды.
1955 жылы сегіз жылдық мектеп болып құрылды.
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жаңаөзен ауылының орта мектебі болып 1994 жылы құрылды.
2006 жылдың 8 тамызында Чапаев атындағы орта мектеп Кеңес Одағының Батыры Кенжебек Шакенов атына ауыстырылды.