kitaphana.edu.kz || digitallibrary.kz || bookfund.kz
с.Жанаозен, МИРЖАКЫП ДУЛАТУЛЫ, 2
87234742757
ardak2301@mail.ru

Тіл шебері байқауы

Жарма аудандық орталық кітапханада үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, және де тіл мәдениетін көтеру, үш тілділікті насихаттау.

Сайысқа Ақжал ауылдық округінің әкімшілігі атынан мектебіміздің бастауыш және ағылшын тілі пәні мұғалімі Калиева Ажар Рахатқызы қатысып, ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!

«Абайдың қара сөздері-Асыл мұра» облыстық қара сөз оқу чемпионаты

«Абайдың қара сөздері-Асыл мұра» облыстық қара сөз оқу чемпионаты

Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы  2023 жылдың 27-сәуірінде Семей қаласындағы Абай әдеби-мемориалдық қорық-музейінде педагогтер, оқушылар, ата-аналар арасында «Абайдың қара сөздері-асыл мұра» облыстық қара сөз оқу чемпионатын өткізді.

Мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру.

Чемпионатқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бажаева Толқын Мейремхановна, қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухатова Данара Думановна,

9-сынып оқушысы Құрметқан Қатила,  қатысып, облыс бойынша 8 команданың арасында ІІ орын жеңімпаздары атанып, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Халықаралық ұлттар күні

Жарма ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 27 сәуір күні «Халықаралық ұлттар күніне» орай ұлттардың би жарысынан  мектебіміздің «Еркеназ» би тобы жүлделі І орынмен марапатталды. Жетекшісі : Ашимханова Сымбат Адыловна. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Жыл таңдауы 2022

Жарма ауданы көлемінде  қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жастарды марапаттайтын «Жыл таңдауы-2022»

ІІІ аудандық жастар форуымы өткізілді.  Аудан әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы барлық белсенді жастарды құттықтап,  сыйлықтар табыс етті.  Форумда мектебіміздің география пәні мұғалімі Сулейменова Самал Мухтаровна  «Жылдың жас ұстазы» номинациясымен марапатталды.  Құттықтаймыз!

Ғылыми жобалар конкурсы

2022 жылдың 9-10 қарашасында   жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыру;

– талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету;

Ғылыми жобалар конкурсына тарих пәнінен 10 сынып оқушысы Өнербек Гүлнұр. Жетекшісі:  Солтыбаева Назгүл Алғабасовна және ағылшын тілінен 9 сынып оқушысы Алмазқызы Аяла. Жетекшісі:  Нысангалиева Диана Адалбековна

3 орын иеленді. Аудандық кезеңнен  1 орын алып,  облысқа жолдаманы 2 оқушы иеленді. Олар қазақ тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Құрметхан Қатила.  Жетекшісі Бажаева Толқын Мейремхановна.  Алгебра пәні бойынша 11 сынып оқушысы Байжуминова Аружан. Жетекшісі: Байгалиев Қайрат Сыдықұлы.  Құтты болсын!

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді

«Зерде» республикалық зерттеу жобасы

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 3 қараша күні  2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының  облыстық кезеңіне қалалық және аудандық білім беру мекемелерінен 300-ден астам оқушы қатысты. Соның ішінде топ жарып

І орын иегері атанған мектебіміздің  6-сынып оқушылары Нұрғали Дидар мен Қапайқызы Шәмшәбану республикалық кезеңге  өтті. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Бақыт Гүлжан.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

«Үздік жыл психологы 2022» республикалық байқауының аудандық кезеңі…

«Үздік жыл психологы 2022» республикалық байқауының аудандық кезеңі

8 қараша күні педагог-психологтарға арналған «Үздік жыл психологы 2022» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау үш бағам бойынша өткізілді:

І бағам-3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар;

ІІ бағам-3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар;

ІІІ бағам-7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар қатысты.

Нәтижесінде:

ІІ бағам бойынша мектебіміздің педагог-психологы Канашева Алия Мауткановна  І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.  Жеңімпазымызды құттықтаймыз!

«Зерде» республикалық зерттеу жобасы

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен

3 қараша күні  2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының  облыстық кезеңіне қалалық және аудандық білім беру мекемелерінен 300-ден астам оқушы қатысты. Соның ішінде топ жарып І орын иегері атанған мектебіміздің  6-сынып оқушылары Нұрғали Дидар мен Қапайқызы Шәмшәбану республикалық кезеңге  өтті. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Бақыт Гүлжан.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

«Өнерлі жұлдыздар» байқауы

Республика күні қарсаңында Жарма ауданы білім беру мекемелері арасында ұстаздар бойындағы өнер әлеміне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Өнерлі жұлдыздар»  байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің ұстаздары: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құдайберген Тортайұлы мен музыка пәнінің мұғалімі Сымбат Адыловна жүлдеді ІІІ орын  иеленді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Послание Президента
Государственные символы