07
апрель
2023
«Тазалық – табалдырықтан басталады»
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мектеп оқушылары, ұстаздар мен қызметкерлер республикалық өтіп жатқан тазалық акциясына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты. Бұл шара әрбір азаматтың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауылымыздың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.