Білім күні мерекесі » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Білім күні мерекесі

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін 1 қыркүйек жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Салтантты жиынға құрметті қонақтар мен ата-аналар  қатысып, оқушыларға жаңа оқу жылына өз тілектерін білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім әлеміне Абиленова Гулмира Слямхановна мен Бақытқызы Гүлназ жетелеп шықты. Мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған түлектердің сыйға тартқан 1 000 000 теңге тұратын музыкалық аппаратура табыс етілді. Көрсетілген сый-сияпатқа алғысымды білдіреміз! 
Жиын барысында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың алғыс хатымен мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бажаева Толкын Мейремхановна марапатталды. 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілген "Бала көшбасшы" республикалық жобалар байқауында ІІІ дәрежелі дипломымен 3 сынып оқушысы Қайрат Аяна марапатталды. Жетекшісі: Нурмухамбетова Сауле Советхановна.  Салтанатты шарадан соң «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив