11
февраль
2020
Еріктілер клубы құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланып, еліміз бойынша бұл аталған жыл игі істермен өз бастауын алуда. Жарма ауданы Жаңаөзен ауылындағы "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ-нің оқушылары Ел Президентінің бастамасын қолдау мақсатында "Еріктілер" клубын құра отырып, ауыл тұрғындарына көмек қолдарын созуда. Мектеп оқушыларынан құралған "Еріктілер" клубы "Таза әлем", "Қамқор", "Үміт" жобаларын алға тарта отырып, көмекке зәру жандардың алғысына бөленуде. Бұл игі бастама ауданымыздың әр мектебінде жалғасын тапсын деген үндеу жолдаймыз!